Азық-түлік тауарларының бағасы 21,4 пайызға дейін көтеріліп, ең үлкен үлес болып қала береді.
ERNUR.KZ. Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов инфляция динамикасының болжамын жариялады, деп жазады ulysmedia.kz.
“Азық-түлік тауарларының бағасы 21,4 пайызға дейін көтеріліп, ең үлкен үлес болып қала береді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 18,6 пайызға жетті, ақылы қызмет көрсету бағасы 14,1 пайызға өсті. Инфляцияның республикалық деңгейден жоғары өсуі Маңғыстау, Ақмола, Ұлытау, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында тіркелді”, – деп хабарлады Пірматов ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында.
Сонымен бірге, «сыртқы инфляциялық қозғалыс, логистикалық жеткізу тізбегін қайта құрылымдау, рекордтық инфляциялық күтулер және несиелендіру ұлғаюы аясында инфляцияның өсуі жалғасуда».
“Жыл соңына қарай инфляция 21-22 пайызға дейін көтеріледі деп күтілуде, оның шарықтау шегі 2023 жылдың бірінші тоқсанында болады”, – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің басшысы.