Ұлттық банк ипотекалық қарызы барларға көмек көрсетеді

0
980

Толығымен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімі арқылы танысуға болады.


Ұлттық банк ипотекалық қарызы барларға көмек көрсетеді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмаларына және бастамаларына сәйкес Қазақстан Ұлттық банкі Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда, деп жазады Елорда Инфо.

Бағдарлама екі блоктан тұрады.

1) Бірінші блок 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Қазақстан Ұлттық банкі көрсетілген қарыздарды қайта қаржыландыруға 130 млрд теңге бөлді.

2019 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша бағдарлама аясында револьверлік тетікті ескере отырып 168,2 млрд теңге сомаға 27 229 қарыз мақұлданды, 152,8 млрд теңге сомаға 25 832 қарыз қайта қаржыландырылды.

2) Бағдарламаның екінші блогы жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

2019 жылғы 10 қыркүйекте банктер 72,9 млрд теңге сомаға 8 313 өтінімді мақұлдады, 58,8 млрд теңге сомаға 6 906 қарыз қайта қаржыландырылды. Қарыздың бағдарлама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш жасау қажет. Өңірлерге және банктерге қатысты ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру туралы толығырақ ақпаратпен, сондай-ақ өңірлерге және банктерге қатысты ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімі арқылы танысуға болады.

Осы сілтеме бойынша Қазақстан Ұлттық банкінің, екінші деңгейдегі банктердің аймақтық филиалдары халықпен бағдарламаның талаптарын түсіндіру бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс деректері орналастырылды. Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық банкінің және банктердің тиісті филиалдарына не олардың аумақтық қатыстылығына байланысты өтініш жасау қажет.

Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық банк сайтының «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады.