Ұлттық банк төрағасы елімізде жұмыртқа неге қымбаттағанын айтты

0
705

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы еңбекақының өсуі инфляцияға қосымша қысым жасап отырғаны туралы айтқан.


Ұлттық банк төрағасы елімізде жұмыртқа неге қымбаттағанын айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. Оның айтуынша, қазанда айлық инфляция 0,7%-ды құраған, деп жазады baq.kz.

Сондай-ақ инфляция азық-түліктің бағасына да әсер етпей қоймаған.

Жаңа өскен көкөніс бағасы маусымдық 5,5%-ға (үлес - 0,3 пайыздық тармақ) және жұмыртқаның бағасы 7,2%-ға өсуі салдарынан азық-түлік инфляциясы 0,7%-ға жетті. Қияр мен қызанақтың бағасы 22%-ға қымбаттаған. Құс фабрикаларында өндіріс көлемінің қысқаруынан, жем құнының артуынан, сондай-ақ 2022 жылдан бастап субсидияларды алып тастау ықтималдығынан жұмыртқаның бағасы өсті, - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар инфляция соңғы 6 айда алғашқы рет өсімін тоқтатып, 8,9% деңгейінде сақталған.

Жылдық инфляция азық-түлік бағасының 11,5%-дан 11,3%-ға дейін баяулауы аясында соңғы 6 айда алғашқы рет өсімін тоқтатып, 8,9% деңгейінде сақталды. Бұл ретте азық-түлікке жатпайтын инфляция 7,5%-дан 7,8%-ға дейін, ақылы көрсетілетін қызмет инфляциясы 6,8%-дан 6,9%-ға дейін арттты, - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы еңбекақының өсуі инфляцияға қосымша қысым жасап отырғаны туралы айтқан болатын.