​«Ұлттық домбыра» күніне биіктігі 7 метрді құрайтын домбыра орнатылды

0
3 728

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгілен болатын.


​«Ұлттық домбыра» күніне биіктігі 7 метрді құрайтын домбыра орнатылды

ERNUR.KZ.Екібастұз қаласында «Ұлттық домбыра» мерекесіне орай биіктігі жеті метрді құрайтын домбыра мүсіні орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгілен болатын. Мерекеге орай еліміздің әр аймағында іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Екібастұз қаласында «Ұлттық домбыра» мерекесіне орай биіктігі жеті метрді құрайтын домбыра мүсіні орнатылды.

Бұл аспапты техникалық мектептің педагогтары мен студенттері жасаған. 1 шілде күні «Ұлттық домбыра» мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара аясында «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында домбыра мүсінімен тұрғындар таныса алады.

Сонымен қатар, осы күні Глинка атындағы музыка мектебінің 60 домбырашыдан құрылған ансамблі бір мезгілде күй орындайды. Ары қарай бағдарлама бойынша домбыра party, домбыра дайындау бойынша шеберлік сыныптары, мәдени-танымдық іс-шаралар өтеді.