Ұлттық кеңестен ақыры шығарылдым - Мұхтар Тайжан

0
651

Қазір ол жұбайымен бірге Чехияның курортында демалуда.


Ұлттық кеңестен ақыры шығарылдым - Мұхтар Тайжан

Мұхтар Тайжан Ұлттық кеңестен шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қоғам белсендісі желідегі парақшасында жазды.

"Ұлттық кеңестен ақыры шығарылдым, Жер комиссия әзірше құрылмай жатыр, яғни менде нақты жұмыс дәл қазір әзірше жоқ. Енді не істеуім керек, ал? Пайда болған бос уақытты босқа кеттіртпей, сүйікті жұбайым Айгүлді ертіп алып, Чехиядағы Карловы Вары деген курортқа барып, денсаулығымызды күшейтуді жөн көрдім). Қазан айы осында пайдалы су ішіп, жаяу көп жүріп, демалып жатамыз, амандық болса. Әлбетте, Сіздер қарсы болмасаңыздар)", деп жазыпты Мұхтар Тайжан.