«Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелерінің жалақысы артады

0
576

Министрдің айтуынша, шығармашылық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен концертмейстерлерінің жалақы мөлшеріне де назар аудару қажет.


«Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелерінің жалақысы артады

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қамтылуын жақсартуға уәде берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әрине, саладағы ең өзекті мәселелердің бірі – мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті. «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдарының лауазымдық жалақыларына 1,75 коэффициенті түрінде қосымша ақылар мен үстемеақылар әзірлеу қажет», - деді Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, шығармашылық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен концертмейстерлерінің жалақы мөлшеріне де назар аудару қажет.

«Бұл мәселені мен өз бақылауыма аламын. Осы күндері мен кездестірген көптеген оқытушылар, тіпті ең қиын 90-шы жылдары да өз мамандықтарын тастамаған. Солардың арқасында мәдениет пен өнерде ұрпақтар үзілісі болған жоқ», - деп атап өтті ведомство басшысы.