Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді

0
674

Сонымен қатар тапсырмалардың құрылымы, соның ішінде жауап нұсқаларының санына өзгеріс енгізіледі.


Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп stan.kz.

Руслан Емелбаевтың сөзінше, түлектердің және сарапшылардың пікірін ескере отырып, "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданған.

Келесі ҰБТ-дан бастап талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында "Қазақстан тарихы" пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін). "Оқу сауаттылығы" тест тапсырмаларының саны мен формасы да өзгеріске ұшырайды. Енді талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі”, – деп жазды Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар тапсырмалардың құрылымы, соның ішінде жауап нұсқаларының санына өзгеріс енгізіледі.

“Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайтылады”, – деп қосты Емелбаев.

Ұлттық тестілеу орталығы директорының сөзінше, бұл шешім талапкерлерді бағалаудың жоғары объективтілігін қамтамасыз етіп, нақты статистикалық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.