Ұлыбритания Украинадағы өз дипломаттарын алып кете бастады

0
922

Айта кеткен жөн, бұған дейін америкалықтар да Украинадағы кейбір дипломаттары мен олардың отбасы мүшелеріне елге қайтуға рұқсат берген.


Ұлыбритания Украинадағы өз дипломаттарын алып кете бастады
ERNUR.KZ. Ұлыбритания Киевтегі өз елшілігінің кейбір қызметкерлері мен олардың туыстарын алып кете бастады, деп жазады 24.kz.

Бұл Украина мен Ресей шекарасындағы ахуалға байланысты қабылданған шешім. Десе де, британдықтар дипломатиялық миссия жұмысын жалғастыра беретінін жеткізді.

Айта кеткен жөн, бұған дейін америкалықтар да Украинадағы кейбір дипломаттары мен олардың отбасы мүшелеріне елге қайтуға рұқсат берген. Ал соңғы мәлімет бойынша, Беларусьтегі АҚШ елшілігі өз азаматтарын сақ болуға шақырды. Яғни кісі көп жиылатын жерге бармауға, сондай-ақ төтенше жағдай бола қалса, елден кету жоспарын әзірлеуге кеңес берілді. Бұл да Ресеймен арадағы шекарадағы ахуалға байланысты жасалған ескерту.