Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

0
316

Ұлытау облысында патронаттық отбасы балалар үйінің үш тәрбиеленушісін бес жыл бойы құлдықта ұстаған.


Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

иллюстарциялық фото

Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды Динара Закиева.

Еске салайық, Ұлытау облысында патронаттық отбасы балалар үйінің үш тәрбиеленушісін бес жыл бойы құлдықта ұстағаны туралы жазған болатынбыз.