Ұн жоқ, нан қымбаттауы мүмкін – Қазақстан Астық өндірушілер одағы

0
1 017

Астық өңдеушілер одағынның мәліметінше, елімізде бір жарым аптаға ғана жететін бидай қоры қалған.


Ұн жоқ, нан қымбаттауы мүмкін – Қазақстан Астық өндірушілер одағы

ERNUR.KZ. Қазақстан аймақтарында диірмендердің жартысы жұмысын тоқтатты, салдарынан елде ұн тапшылығы туындауы мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

Астық өңдеушілер одағынның мәліметінше, елімізде бір жарым аптаға ғана жететін бидай қоры қалған. Астық өсірушілер мен өңдеушілер бидайды бөлісе алмай, дау туып жатыр. Егер бидай таусылса барлық диірмендер жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.

Ұйым ұсынған деректерде бұрын диірмендер бидайдың бір тоннасын 114 мың теңгеден сатып алса, қазір баға 160 мың теңгеге жеткені жазылған. Бірақ оның өзін табу оңай емес. Ал бір тонна астық 160 мың теңге болса, ұнның құны қазірдің өзінде 224 000 теңгені құрайды. Бұл нарықтағы бағасы 235 мың теңгеге жеткенін көрсетеді.

«Қостанай облысында диірмендердің жартысынан астамы, Қарағанды облысында 15 диірмен жұмысын тоқтатты. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматыда да диірмендердің басым бөлігі жұмыс істемей тұр. Біз, диірменшілер, екі-үш аптадан бері бидай сатып ала алмай отырмыз. Себебі ұсыныс жоқ. Осының нәтижесінде ұн бағасы қымбаттайды. Қымбатшылықтан қашып құтылу мүмкін емес, себебі біз өндіретін өнімнің өзіндік құнының 85 %-ы шикізатқа тәуелді», – делінген Астық өңдеушілер одағы таратқан хабарламада.