Үндістанға баратын қазақстандықтарға э-виза беріле бастады

0
1 642

​Үндістанға сапарлайтын қазақстандықтар елшілікке бармай-ақ онлайн түрде электрондық виза ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстандағы Үндістанның елшілігіне сілтеме жасап.


Үндістанға баратын қазақстандықтарға э-виза беріле бастады

фото: inform.kz

Үндістанға сапарлайтын қазақстандықтар елшілікке бармай-ақ онлайн түрде электрондық виза ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстандағы Үндістанның елшілігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанмен өте жақсы және достық қарым-қатынастарын назарға ала отырып, Үндістан Үкіметі Қазақстан азаматтарының игілігі үшін 2018 жылғы 28 ақпаннан бастап жүзеге асырылатын электрондық виза мүмкіндігін іске қосты. Бұл Қазақстан азаматтарына Астана қаласындағы Үндістан елшілігіне немесе Алматы қаласындағы Өкілдікке бармай, онлайн арқылы қысқа мерзімді Үндістанға бару визасына өтінім беруге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. Электондық виза алу үшін қазақстандықтар э-виза вебсайтында онлайн өтінімді толтырады. Өтінім 72 сағат ішінде тексеріледі және Электрондық саяхатты қуаттау (ЭСҚ) растамасы өтінім беруші көрсеткен электрондық поштаға жолданады. Үндістанға келушы осы растама қағазын және төлқұжатын кем дегенде 6 ай мерзім бойы өзімен бірге алып жүру тиіс. Келушілер визаға өтінішті Үндістанға баратын күннен 4 күн бұрын беруі тиіс. Дегенмен, өтінімді алдын-ала 120 күн ішінде онлайн түрде беруге болады. Қазақстан азаматтары үшін э-виза 50 АҚШ доллары тұрады немесе сондай көлемде Үндістан рупиімен (баланы қоса есептегенде) төлеуге болады. Сондай-ақ қосымша банк транзакциясы үшін 2,5% алынады. Айта кетерлігі, э-виза тек 24 халықаралық әуежайда (Ахмедабад, Амритсар, Багдогра, Бенгалуру, Каликут, Ченнаи, Чандигарх, Кочин, Коимбатор, Дели, Гая, Гоа, Гувахати, Хайдерабад, Джайпур, Калькутта, Лакноу, Мангалур, Мумбаи, Нагпур, Пуна, Тиручираппали, Тривандрум және Варанаси) және белгіленген 3 теңіз порты - Кочин, Гоа және Мангалурда беріледі. Э-виза Үндістанға кіру және тұруға көрсетілген мерзімге жарамды және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Көші-қон қызметкері екінші э-турист визасын немесе э-бизнес визасын 60 күн мерзімге дейін э-виза жүйесіне енетін мемлекеттердің төлқұжаттары бар азаматтарына береді. Үшінші рет э-медициналық визасын тағы 6 айға жағдайға байланысты құзырлы Шетелдіктерді тіркеу аймақтық қызметкері (ШТАҚ) немесе Шетелдіктерді тіркеу қызметкері ұзарта алады.