28 жастағы ер адамды ұстады.
ERNUR.KZ. Теміртауда 28 жастағы тұрғын танысын ұрып-соғып, ақша бопсалаған. Жәбірленуші полицияға хабарласып, олар күдіктіні қамауға алды, деп жазады tengrinews.kz.
Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 миллион теңге бопсалағаны туралы хабарлаған.
"Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді", - делінген хабарламада.
Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.