Lada Largus көлігі жүк көлігімен соқтығысқан.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысындағы Оңтүстік айналма тасжолында Lada Largus көлігі жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлікте болған үш бала өртеніп кетті, деп жазады Tengrinews.kz
Оқиға 19 ақпанда сағат 16.00-де болған.
"Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жол бос екеніне екеніне көз жеткізбестен маневр жасамақ болып, DAF көлігімен (жүк көлігі) соқтығысты. Соқтығысқаннан кейін Lada жолдың оң жағындағы шұңқырға түсіп кетіп, сонда өртенген", - делінген хабарламада.
Көлікте 2007, 2009 және 2021 жылы туған үш бала жанып кеткені хабарланды. Жүргізуші аман қалған. Ол түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.