Үш баланы жарақаттаған петропавлдық оқушы 2 айға қамалды

0
517

13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады.


Үш баланы жарақаттаған петропавлдық оқушы 2 айға қамалды

ERNUR.KZ. Петропавлда мектепке пышақ пен балта әкеліп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысына сот 2 айға қамауда ұстау бұлтартпас шарасын тағайындады, деп жазады ulysmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді.

«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады. Олардың екеуі ауруханада жатыр.

Белгілі болғандай, жасөспіоімнің психикалық дерті барына қарамастан Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген.

Осы оқиғадан кейін Үкімет басшысы Әлизан Смайылов жауапты министрліктерге оқу орындарында тексеріс жүргізуді тапсырды.

Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Петропавл мектебінде болған шабуылды тексеру нәтижесінде анықталған алдын ала деректерді жариялады.