Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі - БҒМ

0
1 827

Мамандық тізімі тиісті үкімет қаулысы шыққаннан кейін республикалық комиссия арқылы анықталады.


Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі - БҒМ

ERNUR.KZ. Үш мың грант бұрынғыдай игерілмей отыр. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы директоры қызметін атқарушы Дидар Смағұлов айтты, деп жазады Stan.kz.

«Бұл гранттар үкіметтің тиісті қаулысы шыққаннан кейін тағы бір конкурс өткізу арқылы үлестірілетін болады. Аталған қаулы тамыз айының соңына дейін шығады деп үміттенеміз. Яғни біз бұл гранттарды тамыз айының соңына дейін ойнатамыз. Бұл үшін қайтадан өтінім тапсырудың керегі жоқ. Себебі, барлық үміткердің мәліметі біздің жүйеде бар. Бар болғаны мұның алдында грант ұтып ала алмағандардың арасында үлестірілетін болады», - деді Дидар Смағұлов.

Әрі қарай ол мамандық тізімі тиісті үкімет қаулысы шыққаннан кейін республикалық комиссия арқылы анықталатынын айтты.

«Меніңше, біз бір аптадан кейін грант иегерлерін БАҚ беттерінде жариялайтын боламыз. Мұны оқу жылының басына дейін іске асыруға тырысамыз. Бірақ тізімдегі абитуриенттер ақылы оқуға түсіп қойған болса, олар грант негізінде оқуға ауыса алады», - деді ол.