Ұшақ апаты: Денсаулық министрі зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

0
1 121

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екінші ұшқыштың жағдайы жайлы да мәлімет берді.


Ұшақ апаты: Денсаулық министрі зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

ERNUR.KZ. Қазір Алматы мен Алматы облысының ауруханаларында 46 пациент жатыр, тоғызының жағдайы ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Қазір ауруханаларда 46 науқас жатыр, кешегі күндері үш науқас үйлеріне шығарылды. 46 науқастың тоғызы – балалар. Балалар қазір қалалық жедел медициналық көмек орталығында. Қазір олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық бала жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылды. Қажетті ем қабылдап жатыр", - деді Біртанов үкімет отырысынан кейін.

Айтуынша, тоғыз пациенттің жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр.

"Бір науқастың хәлі өте нашар, ол Алматы облыстық ауруханасында ем қабылдауда", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, министр екінші ұшқыштың жағдайына да тоқталды.

"Жағдайы ауыр, бірқалыпты, жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Біртанов.