Үстемеақыны аурухана күзетшілеріне де төлеу керек – Дәрігерлер кәсіподағы

0
809

Қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырған дәрігерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн теңге беріледі.


Үстемеақыны аурухана күзетшілеріне де төлеу керек – Дәрігерлер кәсіподағы

ERNUR.KZ. Елімізде коронавирус жұқтырған ауруларды емдеп жатқан стационардағы қызметкерлердің барлығы мемлекеттен берілетін үстемақыға лайықты және үстемақыны алуы тиіс. «QAZMED» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ төрағасы Әлиақбар Мәтішевтің ойы осындай, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әлиақбар Мәтішевтің айтуынша, олардың бәрі денсаулықтарын, тіпті, өмірлерін тәуекелге тігіп жүр. Сондықтан осы батылдықтары үшін вирус жұқтырса да, жұқтырмаса да, үстемақы алуға лайықты. Оның айтуынша, вирус жұқтырған дәрігерлерге үстемақыдан бөлек, өтемақы да берілуі керек.

«Бүгінгі қосымша беріліп жатқан жалақы медицина саласында істеп жатқан қызметкерлер арасында вирус жұқтырғандарға ғана емес, клиникалық стационарларда жұмыс істеп жатқан барлық дірігерге төленуі керек. Яғни, үстемеақы вирус жұқтырған-жұқтырмағанына қарамастан, ауруларды қабылдап жатқан стационарлардағы бүкіл персоналға, дәрігерден бастап, медбикелерге дейін, тіпті, күзетші мен жедел жәрдем жүргізушісіне дейін төленуі керек. Ал, коронавирус жұқтырған дәрігерлер негізгі үстемақыға қосымша басқа өтемақы алуы керек», - дейді салалық кәсіподақ жетекшісі.