Утилизациялық алымның жаңа мөлшерлемесі жарияланды

0
786

Жаңа автомобильдердің 65, комбайндар мен тракторлардың 89 пайызы отандық өнім ретінде утильдік алымсыз сатылады.


Утилизациялық алымның жаңа мөлшерлемесі жарияланды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кәдеге жарату төлемдерінің жаңа мөлшерлемесін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Утилизациялық алымның мөлшерін 50 процентке төмендетуге мүмкіндік бар", - деді Скляр "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Роман Скляр:

"1. «ӨКМ операторының» қамбасына жинақталған қаржыдан өңірлердегі жолаушылар тасымалын жақсарту үшін қоғамдық көліктерді жаңартуға 30 млрд. теңге бағытталмақ.

2. Отандық зауыттар мемлекеттен тікелей субсидия алмайды.
3. Жаңа автомобильдердің 65, комбайндар мен тракторлардың 89 пайызы отандық өнім ретінде утильдік алымсыз сатылады.
4. Еліміздегі шаруалардың 89 %-ы отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алады екен. Сондықтан олардың бағасына кәдеге жарату алымы қосылмаған.
5. Квадроциклдерге, қарда және батпақта жүретін көліктерге утильсбор алынбайды.
6. Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасының утильдік алымы 50%-ға дейін төмендетілетінін" - айтты.

Айта кетері, Қазақстанда утилизациялық алым айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. 2022 жылда бір АЕК 3 063 теңге болып белгіленді. Утилизациялық алым қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді. Оның нақты формуласы бар:

қозғалтқыштың көлемі 1 000 см3 –ге дейін болса, 50 АЕК (145 850) х 3 (коэффициент) = 459 450 теңге;
қозғалтқыштың көлемі 2 000 см3 –ге дейін - 50 АЕК (153 150 теңге) х 7 (коэффициент) = 1 072 050 теңге;
қозғалтқыштың көлемі 3 000 см3 –ге дейін - 50 АЕК (153 150 теңге) х 10 (коэффициент) = 1 531 500 теңге.
Осылайша, аталған төлемнің барлығы екі есеге төмендейді.