Вакцина салдырған Аймағамбетов өзін қалай сезінетінін айтты

1
1 734

Министр бір ай бұрын екпе салдыртқан.


Вакцина салдырған Аймағамбетов өзін қалай сезінетінін айтты

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырған білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алғашқы айда, кез-келген адам сияқты,әрине алаңдайсыз, қайта-қайта бойыңызда өзгеріс бар ма, жоқ па, соған мән беруге тырысасыз. Бірнеше рет талдаудан өтіп, нәтижелерін көруге асықтым. Тек антиденеге ғана емес, сонымен қатар жалпы қан талдауына, биохимияға қан тапсырдым. Бұл өзім үшін керек болды, әрине алаңдайсыз, - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, вакцинациядан кейін денсаулығының жағдайы өте жақсы, жанама әсерлері жоқ.

Қазір өзімді жақсы сезінемін (…) Қазіргі уақытта қандай да жанама әсерлер барын, қандай да бір ерекше құбылысты бойымнан сезінген жоқпын. Оның үстіне, онсыз да күзге қарай вакцинация күнтізбесін жібермей, оны үнемі орындайтын адаммын, ұстаздық етуші ретінде мен әрдайым ғылыми мәліметтерге арқа сүйеймін, ал ғылым екпе инфекциядан қорғаудың ең оңтайлы әрі тиімді әдісі екенін айтады, - дейді ол.