"Вакцинацияланған адамдар Bluetooth сигналын шығарып, қабылдай алады" - желіде ақпарат тарады

0
648

Иммундауға арналған препараттарда мұны істей алатын құрылғылар жоқ.


Қазақстандықтар Telegram-чаттарда егілген адамдардың ерекше қабілеттіліктері туралы жаңа теорияны талқылауда. Пайдаланушылар COVID-19 қарсы вакцина алғандар Bluetooth сигналын шығарып, қабылдай алады деген болжам айтуда. Бұл олай емес, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл теория Желінің ағылшын тілді сегментінде шыққан. @al_janabi атты пайдаланушы өзінің TikTok-тағы парақшасында айналасындағы құрылғылардың барлығы оның Bluetooth сигналына қосылуға тырысатыны туралы видео жариялаған. Видео авторының айтуынша, бұған дейін ол Astra-Zeneca өндірушісінің вакцинасын салдырған. Түпнұсқа видео кейіннен өшірілді, бірақ ол басқа әлеуметтік желілерде таратыла бастады.

Шын мәнінде, видеода сипатталған «жанама әсердің» болуы мүмкін емес. Bluetooth радиожиілікті қабылдағышы 2,4 гигагерцтің орталық жиілігімен лицензияланбаған ISM диапазонында жұмыс істейді . Микротолқындар мен Wi-Fi да осындай диапазонда жұмыс істейді. Bluetooth сигналдарын қабылдау үшін толқын ұзындығына еселі антенна қажет. Bluetooth технологиясы жағдайында бұл мән шамамен 31 мм құрайды. Мұндай көлемдегі зат вакцина ампулаларында көрініп тұратын еді.

Вакцинасы бар құтының ішінде бөгде заттардың анықталғаны туралы хабарланған жоқ.

Вакциналар құрамына кіретін ингредиенттер тізімінде антенналар туралы ештеңе айтылмаған. Демек, вакцинаны салдыру арқылы Bluetooth сигналдарын тарату және қабылдау мүмкін емес. Иммундауға арналған препараттарда мұны істей алатын құрылғылар жоқ.
Бұған дейін біз осыған ұқсас фейкті жоққа шығарған болатынбыз. Ол кезде пайдаланушылар өздерінің жанында орналасқан құрылғылардың MAC мекен жайларын вакцинацияланған адамдардың жеке кодтары деп ойлап қалған.