Венгрияда Қазақстан азаматы мигранттарды тасымалдағаны үшін ұсталды – СІМ

0
623

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Еуропаға жұмыс істеуге бара жатқан қазақстандықтарға жауапкершілік бар екенін еске салып, жергілікті заңдарды мұқият зерделеуге кеңес берді.


Венгрияда Қазақстан азаматы мигранттарды тасымалдағаны үшін ұсталды – СІМ

ERNUR.KZ. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Венгрияда мигранттарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан қазақстандықтың қамауға алынғанын айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл ауыр қылмыс. Қазақстан дипломаттар оған адвокат тауып, жағдайды туыстарына жеткізді. Полиция заңсыз мигранттарды тасымалдады деген айып тағып отыр. Яғни, ол Қазақстанда Шенген визасын тура 1,5 ай бұрын алып, Еуропа елдерінің біріне ұшып кеткен, бір аптадан кейін Шығыс Еуропаның аумағында, соның ішінде Сербия, Венгрия, Чехияда болған және осы бағыт бойынша мигранттарды заңсыз тасымалдаған", - деп түсіндірді Смадияров.
Ұсталған азамат Шымкент қаласының тұрғыны Қанатбек Өтебек болып шықты.
Смадияров ол қандай жұмысқа бара жатқанын әуел баста білгенін атап өтті.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Еуропаға жұмыс істеуге бара жатқан қазақстандықтарға жауапкершілік бар екенін еске салып, жергілікті заңдарды мұқият зерделеуге кеңес берді. Олардың білімсіздігі жауапкершіліктен босатпайды.
Бұған дейін 27 жастағы Шымкент тұрғыны Венгрияда жоғалып кеткені хабарланған болатын.