​Вице-министр К.Ойшыбаев Түркияның ірі медиахолдингі «TRT» басшысымен кездесті

0
839

Кемелбек Ойшыбаев медиа саласы мамандарын оқытуды ұйымдастыру және бірлескен контент құру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне назар аударды.


​Вице-министр К.Ойшыбаев Түркияның ірі медиахолдингі «TRT» басшысымен кездесті

Түркі кеңесі медиафорумының жұмысы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Түркияның ірі мемлекеттік медиахолдингі «TRT» басшысы Мехмет Собаджимен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кемелбек Ойшыбаев медиа саласы мамандарын оқытуды ұйымдастыру және бірлескен контент құру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне назар аударды.

Өз кезегінде М.Собаджи «Қорқыт Ата» телесериалын түсіруді ұйымдастыру бойынша бірлескен жоба құруды толық зерделеуге дайын екенін білдірді. Ол бірлескен контентті құру Қазақстан мен Түркия халықтарының мәдени байланыстарын дамытуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 22-24 қазан аралығында Ыстамбұлда Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Мажарстан мемлекеттік органдары өкілдерінің, ақпарат саласындағы басшылар мен сарапшылардың, ғалымдардың, журналистердің, блогерлер мен қоғам белсенділерінің қатысуымен Түркі Кеңесінің медиафорумы өтуде.
Форумның күн тәртібінде – түркі әлемінің даму перспективаларына, киноиндустрияға, әлеуметтік желілерге және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты мәселелер тұр. Форум жұмысына Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, еліміздің жетекші БАҚ басшылары: Ләззат Танысбай («Қазақстан» РТРК), Елдос Наширали (ҚазАқпарат), «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалиева, актриса Альмира Тұрсын және т.б. қатысады.
Форум ертең, 2021 жылдың 24 қазанында, танымал түрік тарихи сериалдары түсірілген платформаға экскурсиямен аяқталады.