Волонтерлік қызмет зейнетке шыққанда есепке алынуы мүмкін

0
1 011

Соңғы бір жылда елімізде волонтерлық ұйымдардың саны үш есе өсіп, еріктілер қатары 200 мыңға жеткен.


Волонтерлік қызмет зейнетке шыққанда есепке алынуы мүмкін

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Елімізде азаматтардың волонтерлік қызмет кезеңі зейнетке шыққанда есепке алынуы мүмкін. Бұл тауралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Оның айтуынша, соңғы бір жылда елімізде волонтерлық ұйымдардың саны үш есе өсіп, еріктілер қатары 200 мыңға жетті. Осы орайда олардың құқығын кеңейту қарастырылған.

Мысалы, волонтерлар мен қайырымдылық ұйымдарға мемлекеттік мүлікті жеңілдік арқылы пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұл ұйымдарға басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Ал қайырымдылықпен айналысатындардың қызметін жүйелеу үшін, оларды есеп беруге міндеттейді.

"Корпоративтік волонтерлік, қайырымдылық және электронды қайрымдылықпен айналысу бойынша нормалар енгізіледі. Яғни қазірдің өзінде краудфандинг, фандрайзинг платформалары сынды қайырымдылық жасау тетіктері пысықталуда. Сонымен қатар қайырымдылық ұйымдардың реестрі жасалады. Осындай ұйымдардың іске асырған жұмыстары туралы есеп беруге міндеттейтін норма енгізіледі", - дейді Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.