Есікте атыс болып, полицей қаза тапты

0
1 493

​Кей мәліметтер бойынша, марқұм ІІАБ қызметкері болған. Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, оқиға мамырдың сегізіне қараған түні болған.


Есікте атыс болып, полицей қаза тапты
Алматы облысындағы Есік қаласында болған атыс салдарынан екі адам жарақат алды. Олардың бірі ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кей мәліметтер бойынша, марқұм ІІАБ қызметкері болған. Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, оқиға мамырдың сегізіне қараған түні болған. Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасындағылар Tengrinews.kz тілшісіне 8 мамырда сағат 03:00-де оқ жарақатын алған екі ер адам түскен айтады. Олардың бірі 31 жастағы полицей 11 мамырда көз жұмды. Оқ тигеннен бөлек, ол көптеген өзге жарақаттар алған. Екінші адамның жағдайы - тұрақты. Тиген оқ аяғын сындырған. Дәрігерлердің сөзінше, 1986 жылғы ер адам еш жерде жұмыс істемейді.