YouTube-те екі адамды тілдеген астаналыққа 1,5 млн тг айыппұл салынды

0
595

13 және 22 қыркүйекте сотталушы жәбірленушілерді тілдеген бейнероликтер жазып, оларды YouTube әлеуметтік желісінде жариялаған.


YouTube-те екі адамды тілдеген астаналыққа 1,5 млн тг айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының № 2 сотының үкімімен Д.Васильев У. мен Г-ны қорлағаны, яғни YouTube әлеуметтік желісі арқылы олардың ар-намысына тіл тигізгені үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 131-бабы 2-бөлігі), деп жазады ulysmedia.kz.

Соттың хабарлауынша, 2020 жылғы 13 және 22 қыркүйекте сотталушы жәбірленушілерді тілдеген бейнероликтер жазып, оларды YouTube әлеуметтік желісінде жариялаған.

«Жәбірленушілер қорлау үшін кінәлі деп тануды және 200 айлық есептік көрсеткіш айыппұл түрінде жаза тағайындауды және олардың пайдасына 1 млн теңгеден моральдық зиян өндіріп алуды сұрады»,- делінген хабарламада.

Сотталушы кінәсін мойындамады, соңғы екі сот отырысына қатысудан жалтарып, Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған. Оның мүдделерін сот тағайындаған адвокат білдірді, ол Васильевтен Д- ны ақтауды және жәбірленушінің талап қоюдан бас тартуды сұрады.

Д.Васильевтің кінәлі деп танылуына байланысты сот жәбірленушілердің азаматтық талабын қанағаттандырып, сондай-ақ жауапкер денсаулығының жай-күйін ескеріп, моральдық зиянды өтеу мөлшерін әрқайсысына 100 мың теңгеден өндіріп алуды ұйғарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.