Ақтау әуежайы әзірге тек халықаралық рейстерден Ыстамбұл-Ақтау бағытында ғана ұшақтар қабылдауда.
ERNUR.KZ. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп жазады zakon.kz.
Оның айтуынша, түнде "Ыстамбұл - Ақтау" бағытындағы рейс Ақтау халықаралық әуежайына қонды. Бортта 94 жолаушы болған. Анықтамасы бар 83 жолаушы үйлеріне қайтарылды. Ал, 11 адам 1 шағын ауданда орналасқан стационарға жатқызылды. Жолаушылардан алынған ковидке қарсы ПТР тест теріс нәтиже берген жағдайда үйлеріне жіберіледі.
Бүгінгі таңда шетелден ұшып кеп жатқан Қазақстан азаматы болсын, басқа елдің азаматтары болсын бәріне термометрия өткізіледі. Және де анкетирования өтеді. Сондықтан да ол темір жол болсын, теңіз жолымен болсын, машинамен келіп жатқан кісілер осындай қатаң тексеріспен есепке алынады, - деді Маңғыстау облысының Бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев.
Ақтау әуежайы әзірге тек халықаралық рейстерден Ыстамбұл-Ақтау бағытында ғана ұшақтар қабылдауда. Әуе рейсі аптасына 3 рет қатынайды.
Еске сала кетейік, ҚР Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы 6 қазанда сағат 00:00-де күшіне енді. Жаңа ережелерге сәйкес бірқатар шектеулер қолданылады. Қазақстанға шетелден келген ұшақ жолаушыларының барлығы термометриядан өтіп, сауалнамаға жауап береді және COVID-19-ға қарсы ПТР-тестінің оң нәтижесі туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту кезінде 72 сағаттан аспаған анықтама ғана жарамды. Сондай-ақ Қазақстан азаматтығы жоқ адамдарда анықтама болмаған жағдайда олардың елге кіруіне тыйым салынады. Қолында анықтамасы бар және дене қызуы қалыпты жолаушыларға COVID белгілері түсіндіріліп, сапарды жалғастыруына рұқсат етіледі. Дене қызуы жоғарылаған жолаушылар қолында анықтамасының болуына қарамастан, карантиндік стационарға екі күнге жатқызылып, зертханалық тексеру жүргізу үшін оқшауланады. COVID-19 зертханалық зерттеу нәтижесін алғаннан кейін тесттің оң нәтижесі бар адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады. Елге келген Қазақстан азаматтарының қолында анықтама болмаса, 2 күн бойы карантиндік стационарда оқшауланады.