Ыстық клизмаға күйіп қалған бала ауруханадан шықты

0
1 756

Бала 19 күн бойы емделді. Қазір қызуы жоқ, тәбеті жақсы.


Ыстық клизмаға күйіп қалған бала ауруханадан шықты

ERNUR.KZ. Алматыда Балалар педиатриясы және хирургиясы орталығынан ыстық клизмаға күйіп қалған 10 айлық сәби үйіне шығарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүлдіршін 23 сәуірде үйіне қайтарылды.

«Баланың жағдайы жақсы. Күйігі толық жазылды. Болашақта баланың денсаулығына кінәрат болмайды. Бала 19 күн бойы емделді. Қазір қызуы жоқ, тәбеті жақсы», - деді Орталықтың мамандары.

Мұның алдында Шымкент ауруханасында ыстық сумен жасалған клизмадан күйіп қалған сәби Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ем қабылдап жатқанын жазған болатынбыз.

Еске сала кетейік, Шымкент ауруханаларының бірінде медбике 10 айлық нәрестеге клизманы ыстық сумен жасаған. Салдарынан бала күйік жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірген болатын.

Аталған факті бойынша 2 медбике жұмыстан шығарылды, бас медбике қызметінен алынды, бас дәрігердің орынбасары мен емдеуші дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды.