Ыстық су атқылады: Алматыда тағы да жылу желісі жарылды

0
564

Құбыр 2003 жылы пайдалануға берілген. Оның диаметрі 150 сантиметр.


Ыстық су атқылады: Алматыда тағы да жылу желісі жарылды

ERNUR.KZ. Алматыда тағы да жылу жолының құбыры жарылды. Желіде куәгерлер түсірген видео тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 16 қаңтарға қараған түні Алмалы ауданы Сайран көлінің маңында орналасқан "Жайлы" тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Оқиға салдарынан бірнеше көпқабатты үй уақытша жылусыз қалды.

Қалалық коммуналдық қызмет өкілдерінің мәліметінше, жарылыс магистральдық жылу трассасында болған.

"Таңғы сағат 3 пен 4-тің арасында ішкі бөлікте жарылыс болды. Біздің мамандар келіп, зардаптарды жоюға көмектесті. Таңғы сағат 8-ге қарай үйлерге жылу берілді", - деді ведомство өкілі Ян Гирин.

Оның айтуынша, құбыр 2003 жылы пайдалануға берілген. Оның диаметрі 150 сантиметр.