Қызылордада 27 жастағы ер адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды

0
1 455

Осы дерек бойынша Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері арнайы штаб құрды. Мамандар менигококк инфекциясын алдын алу мақсатында оқиға болған жерде жұмыс істеп жатыр.


Қызылордада 27 жастағы ер адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды

Қызылордада аудандық ауруханада 4 маусымға қараған түні 27 жастағы ер адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен аптада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғынын менингококк инфекциясы анықталған. Ер адамды жедел түрле аудандық ауруханаға жеткізген. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған. Бірақ, өкінішке қарай, ер адамды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Осы дерек бойынша Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері арнайы штаб құрды. Мамандар менигококк инфекциясын алдын алу мақсатында оқиға болған жерде жұмыс істеп жатыр.

Аудандық аурухананың қызметкерлері де профилактикалық жұмыстарды бастады. Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді.