Коронавирустан сақтану амалдарының бірі ретінде бұл құрылғылар қоғамдық тамақтану орындары, әуежайлар, вокзалдар, базарлар мен супермаркеттердің алдына қойылған.
ERNUR.KZ. Залалсыздандыру туннельдерінің коронавирусқа қарсы күресте еш пайдасы жоқ, деп жазады 24.kz.
Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің пайымы – осы.
«Тіпті аурудың алдын алу тұрмақ, денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін», – дейді мамандар.
Көрші елдің билігі осындай туннельдерді әр мекеменің кіреберісіне орнатуды міндеттеген. Коронавирустан сақтану амалдарының бірі ретінде бұл құрылғылар қоғамдық тамақтану орындары, әуежайлар, вокзалдар, базарлар мен супермаркеттердің алдына қойылған. Бірақ медициналық қызметкерлердің айтуынша, залалсыздандыру туннельдерінде қолданылатын хлор ерітіндісі адам азғасына кері әсер етпек. Мәселен, химиялық зат аллергия, конъюнктивит, тіпті демікпені қоздыруы мүмкін.