Сот саясаткерге айыппұл салды.
фотоколлаж ERNUR.KZ.
Белгілі заңгер Абзал Құспан саясаткер Болат Әбіловті сотқа берді. Сот саясаткерге айыппұл салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы адвокат Абзал Құспан өзінің парақшасында жазды.
"Өткен аптадан бері бірнеше рет кейінге қалдыртып, біресе бейсенбі, одан жұма, одан дүйсенбі деп қашып жүрген Әбіловтің әкімшілік соты бүгін кешкі 7-ден кете аяқталды. Бұрынғы президент Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі, кейін мәжіліс депутаты болып, сол Назарбаев режимінде долларовый миллионерге айналған Болат Мұқышұлы Әбіловке, сот бүгін маған жала жапқаны үшін айыппұл салды. Сотта Әбілов айыптың біраз бөлігін өзінен журналист Данеш Байболатовқа аударып салуға жанын салды. Ол да, қорғаушысы да біз тек журналистің сұрағына жауап бердік, тақырыпқа да, суретке де, оны жариялауға, астындағы пікірлерге де қатысымыз жоқ деді. Олай болса, журналистте өз әрекеттері үшін сотта жауап беруі тиіс. Сонымен қатар бұл мәселе бір әкімшілік іспен аяқталмайды. Алда ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық іске ұласатын болады. Осындай тілі ұзын, жауапкершілігі аз адамдарға қатысты әкімшілік іс бойынша арыз, азаматтық тәртіпте талап-арыз беру тәртібін ертеңнен бастап жариялайтын боламын, - деп дазды Абзал Құспан.