Зейнетақы жарналарын пайдалану кезінде табыс салығы ұсталмайды

0
422

Қазіргі кезде үкімет осы мәселені қарастырып жатыр. Соның нәтижесінде Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.


Зейнетақы жарналарын пайдалану кезінде табыс салығы ұсталмайды

ERNUR.KZ. БЖЗҚ зейнетақы жинағын түрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеуге пайдалану кезінде жеке табыс салығын төлеу міндетін алып тастау мүмкін, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін сенат депутаттары зейнетақы жинақтарын пайдалану кезінде табыс салығын алып тастауды ұсынған болатын. Сонда қазақстандықтар 10 процентке артық ақшаны айта алады.
Қазіргі кезде үкімет осы мәселені қарастырып жатыр. Соның нәтижесінде Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
"Бұл мәселенің әлеуметтік маңызы зор. Халықаралық тәжірибе де бар. Соның негізінде БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін табыс салығынан босату қарастырылып жатыр. Бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығатындар мен мұрагерлерге ондай жеңілдік берілмейді", - делінген үкімет басшысың жауабында.
Табыс салығын алып тастаса бюджетке 4,1 млрд теңге түспей қалады.
Айта кетері, Салық кодексіне сәйкес, БЖЗҚ салық агенті ретінде зейнетақы жинағын алушының және (немесе) уәкілетті оператордың банктік шотына есептелген біржолғы зейнетақы төлемін аудару кезінде жеке табыс салығын есептейді. Бұл зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда реттелген. Салық Салық кодексінің 320-бабында белгіленген мөлшерлемемен айқындалады. Біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына қолдану арқылы есептеледі (10%).
БЖЗҚ салымшының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің бірі бойынша жеке табыс салығының сомасын ұстап қалуды және аударуды орындайды. Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағында қарастырылған:
1. Салық кодексінің 351-бабында көзделген біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру күнінен кешiктiрмей бір уақытта жүргізедi;
2. Ай сайын тең үлеспен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде жүргізеді (БЖЗҚ зейнетақы төлемдері үшін белгілеген график бойынша).