Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жеткілікті шек мөлшерлемесі күшіне енеді.
ERNUR.KZ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын пайдаланудың 2024 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегін жариялады, деп жазады tengrinews.kz.
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жеткілікті шек мөлшерлемесі күшіне енеді. 2024 жылға арналған шекті мәндер өзгерген жоқ (шамамен 2023 жылғы деңгейде қалды) және жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейін болды. 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағылар үшін 4 миллион 580 мың теңге, 40 жастағылар үшін 6 миллион 100 мың теңге болмақ.