2022 жылдың аяғында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың шекті мәндерін жариялады.
2024 жылы БЖЗҚ жеткілікті шегі қалай өзгереді? Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет кулуарында Қаржы министрлігінің басшысы 2024 жылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың шекті деңгейі туралы сұраққа жауап берді.
"АЕК өзгеретініне байланысты, әрине, шекті мән көтеріледі. Қазір бізде 3 450, енді 3 690 ба, сондай болады. Осыған байланысты, АЕК-тің өзгеруіне байланысты ереже өзгереді. Сәл өседі", - деп жауап берді Жамаубаев.
Сондай-ақ, журналистер министрден мұндай өсімді әділ деп санай ма, бұл экономикалық жағдайды көрсете ме деп сұрады.
"Әсіресе АЕК, бюджет процесінде, бұл азды-көпті әділ көрсеткіш және экономикада болып жатқан инфляциялық процестерді ескереді. Әр жолы АЕК-тің өсуі, әрине, әлеуметтік шығындарға, жәрдемақыларға, соның ішінде азаматтардың БЖЗҚ-дан алатын рұқсат етілген сомаға әсер етеді", - деп түсіндірді премьер-министрдің орынбасары.
2022 жылдың аяғында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың шекті мәндерін жариялады. Деректерді мына жерден табуға болады.