Зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай береді: видеонұсқаулық жарияланды

0
2 607

​Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты өтінімді тек комьютерден беруге болады.


Зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай береді: видеонұсқаулық жарияланды

www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай беруге болатыны көрсетілген видеонұсқау жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Достар, сіздерге ыңғайлы болу үшін біз www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасымен жұмыс бойынша видеонұсқау жаздық", - деп хабарлады банк Instagram-да.

Алайда онлайн-платформамен жұмыс істеу үшін NCALayer сертификатын орнату қажет. Мұны Pki.gov.kz сайтында жасауға болады.





Еске сала кетсек, 23 қаңтарда Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін берілетін зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталған болатын.

Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары көрсетілген заңға сәйкес қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алу құқығы беріледі.

Өтінімді enpf-otbasy.kz арнайы порталы арқылы онлайн режимде беруге болады. Өтінім екі күн ішінде қаралады. Бұл процессте "Отбасы банкі" оператор болмақ. Сондай-ақ банк зейнетақы жинағынан ешқандай комиссия ұстамайды.

Өтінім беру үшін азаматтарға электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Зейнетақыдан алуға болатын сома жеткіліктілік шегіне тікелей байланысты болады.

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге алудың барлық ережелері 21 қаңтарда жарияланды. Зейнетақыдағы қаражатты БЖЗҚ-ның ресми сайты арқылы, eGov электронды үкімет порталымен, eGov Mobile қосымшасы немесе СМС хабарлама арқылы тексеруге болады.