Зейнетақы жинағынан қанша ақша шешуге болатыны туралы ақпаратты енді оңай білуге болады.
SMS арқылы зейнетақы жинақтарын тексеруге арналған БЖЗҚ-ның жаңа қызметі пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Инвесторларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсарту, емдеу ақысын төлеу, сондай-ақ жеке меншік басқарушы компаниялардың инвестициялық басқаруына беру үшін мақсатты пайдалануға қол жетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу үшін жаңа қосымша қызметті іске қосты, делінген БЖЗҚ хабарламасында.
Қызметті пайдалану үшін www.cabinet.enpf.kz/porog порталына кіріп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы жіберілетін бір реттік парольмен кіру керек.
Бір реттік құпия сөзбен авторизациялау үшін сізге бірнеше қадам жасау қажет:
- ЖСН мен ұялы телефон нөмірін енгізіңіз;
- жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісіміңізді беріңіз;
- "Код жіберу" батырмасын басыңыз; ұялы телефоннан алынған алты таңбалы кодты енгізіңіз.
Бұл қосымша қызмет салымшыларға ыңғайлы және ЭСҚ-сыз және БЖЗҚ филиалдарына бармай-ақ кез келген азаматқа зейнетақы жинағы бойынша жеткіліктілік шегін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Қызмет уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарына толық сәйкес келеді, - дейді БЖЗҚ.