Зейнетке кеш шыққандардың зейнетақысы төленбей ме? Жақыпова түсініктеме берді

0
237

​Министр бұл тек ұсыныс болғанын айтты.


Зейнетке кеш шыққандардың зейнетақысы төленбей ме? Жақыпова түсініктеме берді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкіметте өткен брифингте зейнетке мерзімінен кеш шыққандардың зейнетақысының төленбеуіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Зейнетке ерте және кеш шығу сынды екі тәсіл бар. Қазір зейнетақысын алып отырған азаматтарға ешқандай зиян келмейді. Бұл жай ғана ұсыныс. Үкіметпен келісілген жоқ, ешбір заң жобасы әзірленген жоқ. Биыл, келер жылы реформалар қарастырылмақ. Қазір болжам жасап отырмыз. Биыл еңбек нарығына 300 мыңдай жас адам қосылды. Оларға да жұмыс орындары қажет», - дейді ол.

Министр өз сөзінде айтқан пікірі қоғамға толық жетпегенін айтты.

«Сол жерден өздеріңіз алсаңыздар болады. Журналистер неге менің тек бір сөзімді жұлып алып, соны ғана беріп, хейт немесе хайп жасап, күллі қоғамды дүрліктірді. Менің сіздерге өтінішім бар. Ақпаратты дұрыс жеткізіңіздерші. Зейнетке кеш шыққандардың зейнетақысы төленбейді деген. Ал біздің айтқанымыз, зейнетке ерте және кеш шығу жайлы. Бұл тек ұсыныс қана. Конституциялық құқық бойынша ешкімнің зейнетақысын алып қоя алмайды», - дейді Жақыпова.

Еске салсақ, министр зейнетке ерте шыққысы келгендердің кем дегенде 25 жыл еңбек өтілі болуы керегін айтқан болатын.