Зембілде басын көтере берді - куәгерлер 8-қабаттан секірген жүкті әйел жайлы

0
909

Тұрғындар сегізінші қабаттан секірген аяғы ауыр келіншектің тірі қалғанын жарыса жазуда.


Зембілде басын көтере берді - куәгерлер 8-қабаттан секірген жүкті әйел жайлы

ERNUR.KZ. Алматыда "Алма сити" тұрғын үй кешеніндегі 8-ші қабаттан секіріп кеткен 22 жастағы келіншекті көршілері "аман қалуы мүмкін" деп отыр. Тіпті санитарлық зембілге жатқызғанда басын көтере бергенін де айтуда, деп жазады exk.kz.

Тұрғын үйдің 8-ші қабатынан секіріп өлмекші болған жүкті әйелдің әрекетінен көршілері ес жия алмай отыр. Олар түнгі ұйқыны ауладағы адамдардың қатты шуы оятты дейді.

"Екінші қабатта тұрамыз. Түн жарымында терезеден айғайлап, жылаған дауыстарды естіп оянып кеттік. Сыртқа қарағанымызда осы жағдайға куә болдық", дейді есімін атамауды өтінген тұрғын.

Ал Сәуле есімді көршісі жедел жәрдемді жарты сағаттан аса уақыт күттік дейді. Тіпті дәрігерлер санитарлық зембілге жатқызғанда келіншектің басын көтере бергенін айтады.

"Зембілге салғанда басын көтере берді. Бірақ сүйектерінің бәрі сынған дейді. Терезеден қарағанымда жартылай жалаңаш жігіт "көмектесіңдер" деп айғайлап тұрды. Бұтында шалбары ғана бар. Шамамен жарты сағаттай жылады. Кейін жедел жәрдем алып кетті", - дейді ол.

Тұрғындар тіпті сегізінші қабаттан секірген аяғы ауыр келіншектің тірі қалғанын жарыса жазуда.