​«Zetа» сауда үйіне қасақана өрт қойған адам ұсталды

0
1 471

Оларды табуға көмектескен адамға 5 млн теңге көлемінде сыйақы беретінін айтқан болатын.


​«Zetа» сауда үйіне қасақана өрт қойған адам ұсталды

ERNUR.KZ.Қарағандыда 15 шілде күні жиһаздары мен кеңсе заттары өртеніп кеткен «Zeta» сауда үйін өртеген күдікті құрықталды. Бұл жайлы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Baq.kz.

Еске салайық, 15 шілдеде Қарағандыда «Zeta» жиһаз дүкені өртке оранып, 350 шаршы метр аумақтағы тауарлары жанып кеткен болатын. Дүкеннің басшылығы болса сауда үйіндегі бейнекамераға түсіп қалған қаскөйлердің видеосын жариялап, оларды табуға көмектескен адамға 5 млн теңге көлемінде сыйақы беретінін айтқан болатын.

Қарағанды облыстық Ішкі істер органдарының қызметкерлері сауда орталығына өрт қойды деп күдікке ілінген адамды құрықтағандықтарын айтты.

«Zeta» жиһаз дүкеніне өрт қою арқылы өзгенің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 202-бабы бойынша іс қозғалған. Бүгінгі таңда күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - дейді Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Жиһаз дүкені иесінің айтуынша, өрт салдарынан кәсіпкерге 70 миллион теңгеге аса шығын келген.

«Біз ғимараттың жөндеуін қосқанда 70 млн теңге шығынға баттық. Бұл бастапқы есептелген қаржы. Шығын бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі әзірге тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - дейді кәсіпкер.