Жаңаөзенде 16 жастағы бозбаланы достары бензин шашып өртеп жіберген

0
1 940

Оқиға 30-шы наурыз күні Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылында болған. Айтуынша, 16 жастағы ұлы жантүршігерлік жағдай болар күні екі досымен сыртқа шығып кеткен.


Жаңаөзенде 16 жастағы бозбаланы достары бензин шашып өртеп жіберген

Жаңаөзенде 16 жастағы бозбаланы өз достары үстіне бензин шашып, тірідей өртеп жіберді. Ең сорақысы – жолдасына қиянат жасаған күдіктілер бостандықта тайраңдап жүр екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Оқиға 30-шы наурыз күні Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылында болған. Айтуынша, 16 жастағы ұлы жантүршігерлік жағдай болар күні екі досымен сыртқа шығып кеткен. Кешкі сағат сегіз жарымда көршісі жүгіріп келіп, жайсыз хабарды жеткізген. Өртеніп жатқан ұлын қасындағы ауылдастырының бірі су шашып сөндірген. Сол сәтте ол шұғыл жедел-жәрдем шақырып, бала аудандық ауруханаға жеткізіледі.

"103" звондап скорый шақырдым. "103" скорый келіп, больницаға апара жатқанда да «мама өліп бара жатырмын. Наурыз өртеді мені, Наурыз өртеді», деп қоймады скорыйда. Түгел баламның беті, екі аяғы, екі қолы түгел жанып кеткен» - дейді дейді анасы Балғаным Омарова.

Дәрігерлердің айтуынша, денесінің жартысын күйік шалған жасөспірімді санитарлық авиациямен Астанаға апару қажет. Өйткені, науқасқа ота жасамаса болмайды. Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр.

«Алған жарақаты күйік. Өте үлкен. Дененің 50-52% күйген. Екі аяқ, екі жамбас, шап, іштері бар, арқасы бар, беті, екі қолы» - дейді облыстық аурухананың травматология бөлімінің дәрігері Құралбек Есқалиев.

Әзірше, жантүршігерлік оқыс оқиғаның қалай болғаны ешкімге белгісіз. Бірақ ана жүрегі ұлына достарының тарапынан бір қастандық жасалғанын сезіп отыр. Қожахметтің үстіне бензин шашып, өрт қойған деген де күдік бар.

Ал, облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тиісті медициналық сараптама жасау үшін зардап шегушінің жағдайы жақсару керек. Ал 20 күннен астам жансақтау бөлімінде жатқан науқасты әзірше қозғауға болмайды екен.

«Бұл іс Жаңаөзен Ішкі істер басқармасына тіркелді. Тексеру амалдары жүргізілуде. Жасөспірім ауруханадан шыққаннан кейін сот сараптамасы тағайындалатын болады» - дейді облыстық ішкі істер департаментінің бөлім бастығының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.