ТЖД жеке құрамының 12 адамы мен 3 арнайы техникасы апат аймағына келді.
ERNUR.KZ. Ақтаудағы кешкі уақытта көлік дөңгелегін жөндеу цехында өрт шығып, шетел азаматы күйіп қалған. Оқыс оқиға кешкі уақытта болған, өрт сөндіру қызметі дер кезінде келіп жеткен, деп жазады inbusiness.kz.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт біраз аумаққа тарағанын жеткізді. Сондай-ақ, Бұдан бөлек, өрт кезінде термиялық күйікпен Өзбекстан Республикасының азаматы ауруханаға жеткізіліп, оның жағдайы ауыр екені белгілі болды.
"13 ақпанда сағат 21:40 шамасында Ақтаудың 28а шағын ауданындағы көлік дөңгелегін жөндеу орнында көлік шиналары отқа оранды. Жалын 42 шаршы метр аумақты шарпыды. ТЖД жеке құрамының 12 адамы мен 3 арнайы техникасы апат аймағына келді. Өрт 22:04-де толығымен ауыздықталды. Өрт сөндіру қызметінің өкілдері 40 литр болатын 2 газ баллонын сыртқа шығарды", - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.