Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖ департаментінің 4 сүңгуірі, 1 техникасы жұмылдырылды.
ERNUR.KZ. Жайыққа батып кеткен жеті жастағы бала іздестіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
"15 тамыз күні сағат 07.30-дан бастап Атырау қаласының Қызылбалық ауылында 14 тамызда сағат 21.00-де шамасында Жайық өзенінің жағасында тұрған қайықтардың үстінде ойнап жүрген 2015 ж. т. бала суға батып кеткен, судан іздестіру жұмыстары жүргізілуде",- деп хабарлады Атырау облысы ТЖД-дан.
Бала суға кеше батып кеткен. Іздеу жұмыстары 14 тамыз күні сағат 22-25-тен басталған.