Жалған вакцина құжатын жасағандарға жаза қатаң болуы тиіс – Тоқаев

0
516

Президент Pfizer вакцинасын жеткізу жөнінде тапсырма берді.


Жалған вакцина құжатын жасағандарға жаза қатаң болуы тиіс – Тоқаев

ERNUR.KZ. Елімізде коркнавирус індетінің таралу көрсеткіші бойынша жағдай әлі де болса күрделі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев әледе пайда болып жатқан жаңа штамдардың қауіптілігін ескере келе вакцинациялау мәселесіне тоқталып өтті.

«Қазір БАҚ екпе салуға қатысты жалған құжаттар туралы деректер пайда болып жатыр. Бұл қоғам үшін өте қауіпті жағдай. Өйткені халық көп жиналатын жерлерде дерт жұқтырған адам да жүруі мүмкін деген сөз. Сондықтан құқық қорғау органдары осы мәселеге баса назар аударуы тиіс. Біз пандемиямен күрестің негізгі жолы вакцинаация екенін түсінуіміз қажет. Бұл жұмыстың қарқыны әлі де мардымсыз. Нақты қадамдар жасау қажет. Түптеп келгенде азаматтарымыз өздерінің және жақын туыстарының денсаулығын ойлап, саналы түрде шешім қабылдауы керек. Қауесет сөздерге сеніп қажеті жоқ. Сондықтан біз екпе салу науқанын жалғастырамыз. Кейбір жекелеген салаларда міндетті түрде вакцина салу қажет болады. Осыған дейін де айтып өткендей вакцинация туралы жалған сертификаттар жасау нарығы пайда болды. Бұл тұтас қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп деп түсіну қажет. Демек жазаға тарту шарасы да қатаң болуға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар алып жатқан вакцина түрлерін де тілге тиек етті. Мемлекет басшысы елімізге көктемде жеткізілуі тиіс болған Pfizer вакцинасының тасымал мәселесін қайта қарау туралы тапсырма берді.

«Қазіргі уақытта азаматтарымызға бірқатар вакциналар қолжетімді. Оның ішінде отандық QazVac та бар. Алайда халықаралық деңгейде мойындалған вакциналар әлі де қажеттілікті талап етеді. Былтыр мен тиісті тапсырмалар бердім. Дегенмен, Қазақстан үшін компания бөлген Pfizer вакциналарын жеткізу сол күйі тоқтап қалды. Мамыр айында елімізге аталған вакцинаның 2 млн дозасы жеткізілуі тиіс болған. Үкімет вакцинаның елге жеткізілмеуін Pfizer-дің қойған талаптарымен байланыстырып отыр. Алайда ол талаптар барлық мемлекеттер үшін стандартты түрде бірдей. Жуырда жаңа ұсыныс түсті.Онда тасымал жұмысының барлық алгоритмі көрсетілген. Айтуларынша, Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қоюы керек. Қажет болған жағдайда мен оны орындауға дайынмын. Үкіметке және Президент әкімшілігіне осы мәселені шешу бойынша және тасымалды тоқтатуға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты шара қолдану жөнінде тапсырма беремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.