Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

0
2 704

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Календеров Нұржан Сәбитұлы тағайындалды.


Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Фото:ғаламтордағы ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Календеров Нұржан Сәбитұлы тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ сайты.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жаңа орынбасарын облыс активімен өткен жиында таныстырды.

Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы туған. Білімі жоғары, 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығын тәмәмдаған.

Ол, еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған.

Әр жылдары "Шың" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Тараз қалалық бөлімшесінің аға маманы, Жамбыл облыстық филиалының бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы департаментінің бөлім бастығы, директор орынбасары, директоры, Жамбыл және Қордай аудандарының әкімі, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2017 жылғы наурыздан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді