Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1200 пәтер берілмек

0
1 801

Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге 3 өтініш келіп түсіп, 18,3 миллион теңгеге 2 өтініш мақұлданды.


Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1200 пәтер берілмек

ERNUR.KZ.Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге 3 өтініш келіп түсіп, 18,3 миллион теңгеге 2 өтініш мақұлданды, деп жазады 24.kz.

Өңірде он бесінші мөлтек ауданда 800, Арай массивінде 232 және жеке құрылыс компаниялары тұрғызған 166 көппәтерлі үйлер ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша беріледі. Баспанаға жол ашатын бастама халыққа 7 пайыз мөлшерлеме бойынша кредиттелетін тұрғын үй құнының 20 пайыз мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін кредит мерзімін ұсынады.

Мәселен, 25 миллион теңгелік пәтердің, алғашқы 5 миллионы екінші деңгейлі банктерге құйылуы тиіс. Қалған 20 миллион қаражатты сатып алушы 25 жылға бөліп төлейтін болады.

Сонымен қатар Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғарғы шегі 25 миллионды құраса, өзге өңірлер үшін 15 миллион теңге деп белгіленді. Бағдарламаға алғашқы жарнасын құйып, баспанасы жоқ ер азамат қатысуына болады. Нұрлан Берікбосынов, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ ЖОФ директорының орынбасары:

– Барлығы қатыса алады, мәселен, тараздықтар басқа қаладан да ала алады. Ең бастысы, бастапқы жарна – 20 пайыз қаржы болса болғаны.