​Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 34 өтініш мақұлданды

0
1 215

Жамбыл облысында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына жүгінетіндер көбейіп келеді.


​Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 34 өтініш мақұлданды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына жүгінетіндер көбейіп келеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының аясында Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын бекіткен болатын, оның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ. Жамбыл облысында үстіміздегі жылдың шілде айында жалпы құны 31 теңгені құрайтын небәрі үш өтініш тапсырылған болатын.

«Біздің облыста осы бағдарлама бойынша алты банк несие беріп жатыр. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 410 миллион теңгені құрайтын 52 өтініш қабылданып, соның 34-і (284 млн теңге) мақұлданды, 29 өтініш иелеріне жалпы сомасы 247 млн теңге несие берілді. Бұл ретте «Банк Центр кредит» көшбасшы болып отыр, олар 28 өтінішті қаржыландырған. Тағы бір өтінішке несиені «АТФ Банк» берді. Қалған банктер бұл бағдарламаға кейінірек қосылғандықтан, олардың бағдарламалық жасақтамаларын реттеп алуына уақыт керек болып тұр», - дейді Ұлттық банктің Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин.

Жамбылдықтардың «7-20-25» бағдарламасына аса қызығушылық танытпай отырғанын мамандар өңір тұрғындарының төмен жалақысымен байланыстырып отыр.

Осыған дейін Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаны төлеуге 400 млн теңге қарастырылып жатқандығын хабарланған болатын.