Жамбыл облысында әскерилер мен тұрғындар арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

0
560

Оқиға Отар ауылында болған.


Жамбыл облысында әскерилер мен тұрғындар арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында әскерилер мен тұрғындар арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде әскерилер мен тұрғындар арасындағы төбелес көрсетілген видео пайда болды. Оқиға Отар ауылында болған.

Қорғаныс министрлігі оқиғаны растады.

"1 қаңтарда Жамбыл облысы ПД Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, салдарынан екі азамат дене жарақатын алған. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бары анықталды", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128 және 131-баптарына сәйкес алты адам ұсталған, оның ішінде екі әскери қызметкер қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.