Жамбыл облысында кішкентай қызды зорлаған педофил ауыр жаза арқалады

0
1 100

Шуда болған атышулы іс жабық қаралды.


Жамбыл облысында кішкентай қызды зорлаған педофил ауыр жаза арқалады

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында екі жарым жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты. Қаршадай қызға жәбір көрсеткен қаскөй енді 20 жылын темір тордың арғы жағында өткізуі тиіс, деп хабарлайды ktk.kz.

ҚР ҚК 120-бабы, 4-бөлігімен айыпталған азамат кінәлі деп танылды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысуға шектеу қойылды.

Шуда болған атышулы іс жабық қаралды. Тіпті үкім оқылар күні де сот залына тілшілер кіргізілмеді. Фемида өкілдері бұны жәбірленуші тараптың қарсылығымен түсіндірді. Сотталушыға 3 млн. теңге моралдық шығын төлеу міндеттелді. Ол мұны бір айда өтеп беруі тиіс.

Сұмдық оқиға маусым айында болған. 25 жастағы қаныпезер жасы үшке толмаған бүлдіршінді үйіне кіргізіп арам пиғылын іске асырған. Кішкентай қыздың жанұшыра айғалаған дауысын көршілер естіп, айтуға ауыз бармайтын қылмыстың үстінен түседі. Қашуға әрекет еткен педофилді ауылдастары полицейге ұстап берген. Ал қорлық көрген қыздың сол кезде тек ауруханаға түскені, оның жағдайының қалыпты екені ғана айтылды. Өзге мәліметтің тарауына туыстары шектеу қойған.