Апат салдарынан 6 адам қаза тапты.
ERNUR.KZ. 1 қараша күні сағат 08.55-те Түрксіб стансасының желілік полиция бөліміне Меркі ауданы, Қарасу ауылындағы темір жол өткелінде жолаушылар пойызы мен «Ауди» автокөлігі соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады zakon.kz.
Апат салдарынан 6 адам қаза тапты.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оқиға орнында кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.