Жамбыл облысында таңқурайға бөлінген 900 млн теңгені жымқырғандар ұсталды

0
1 229

Тергеу барысында шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны және көшеттер мүлдем сатып алынбаған болып шықты.


Жамбыл облысында таңқурайға бөлінген 900 млн теңгені жымқырғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 900 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, деп жазады stan.kz.

Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті таңқурайдың элиталық сортын отырғызуды субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтады.

Тергеу барысында шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны және көшеттер мүлдем сатып алынбаған болып шықты.

"Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен 4 адамнан тұратын топ, 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген. Тергеу барысында барлық күдіктілер қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүлкіне тыйым салынды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.